Мазмұнға өту
Жаңалықтар

Yandex Қазақстанда 2025 жылы 28,9 млрд теңге салық төледі

11.10.2026 · jaisandar · 1 минут

🇰🇿 Қазақстандағы Yandex сервистерімен байланысты негізгі компаниялар 2025 жылы бюджетке шамамен 28,94 млрд теңге салық аударған. JaiSandar ашық салық деректеріндегі компаниялардың төлемдерін жинақтап есептеді.

Ең көп салықты Y. Taxi Qazaqstan төлеген. Компанияның 2025 жылғы төлемі 19,84 млрд теңгені құрады. Бұл есепке кірген Yandex компанияларының жалпы салық аударымының 68,5%-ы.

Yandex
JaiSandar
зерттеуі
2025
САЛЫҚ • ҚАЗАҚСТАН
Yandex компаниялары Қазақстанда қанша салық төледі?
БАРЛЫҒЫ 28,94 млрд ₸ 2025 ЖЫЛҒЫ САЛЫҚ Y. Tagam 1,42 млрд ₸ 4,9% Y. Izdeu Men Jarnama 1,09 млрд ₸ 3,8% Y. Lavka 167 млн ₸ 0,6% FUNTECH 3,19 млрд ₸ 11,0% Y. Jetkizu 3,22 млрд ₸ 11,1% Y. Taxi Qazaqstan 19,84 млрд ₸ 68,5% Сектор көлемі компанияның жалпы салықтағы үлесіне сәйкес
Y. Bastau
16 млн ₸
0,1%

Одан кейін Y. Jetkizu — 3,22 млрд теңге, ал FUNTECH — 3,19 млрд теңге салық төлеген.

Y. Tagam бюджетке 1,42 млрд теңге, Y. Izdeu Men Jarnama — 1,09 млрд теңге аударған.

Y. Lavka компаниясының салық төлемі 167 млн теңге болды. Ал Y. Bastau небәрі 16 млн теңге салық төлеген.

Жалпы алғанда, есепке кірген жеті заңды тұлғаның 2025 жылғы салық аударымы 28,94 млрд теңгеге жетті.

Айта кетейік, бұл Yandex тобының ресми шоғырландырылған есебі емес. Көрсеткіш Қазақстандағы ашық салық деректерінде көрсетілген және Yandex сервистерімен байланысты негізгі заңды тұлғалардың төлемдерін қосу арқылы есептелді.

JaiSandar

Тағы да оқыңыз

JaiSandar Telegram Экономика мен нарықтағы маңызды жаңалықтарды өткізіп алмаңыз
Жазылу