Мазмұнға өту
JaiSandar

Біз туралы

Data → Visual → Meaning JAI / 01
Жай сандар. Бірақ жай ғана сандар емес. Санды салыстырамыз, қозғалысын көрсетеміз, күрделі деректі визуалға айналдырып, мағынасын түсіндіреміз.

JaiSandar — экономика мен қаржыны дерек арқылы түсіндіретін, күрделі визуализациялар мен инфографика жасауға бейімделген қазақтілді медиа.

Біздің мақсат — күрделі сандарды, нарық қозғалысын және ресми статистиканы оқырманға түсінікті, ықшам әрі көрнекі форматта жеткізу.

01

Дерекке сүйенеміз

Материалдарда ресми статистика, биржа деректері, компаниялардың есептері, мемлекеттік органдардың жарияланымдары және сенімді ашық дереккөздер пайдаланылады.

02

Күрделі визуализация

JaiSandar қарапайым графикпен шектелмейді. Интерактивті диаграммалар, heatmap, салыстыру модульдері, Voronoi және басқа да күрделі деректер визуализациясын қолдануға бейімделген.

03

Инфографика

Сандар мен үлкен деректер жиынтығын бір қарағанда түсінуге болатын инфографикаға айналдыру — жобаның негізгі бағыттарының бірі.

04

Қазақша түсіндіреміз

Экономика, қор нарығы, банк секторы, бизнес, инфляция, валюта және сыртқы сауда тақырыптарын күрделі терминдерге салмай, табиғи қазақ тілінде түсіндіруге ұмтыламыз.

JaiSandar нені жариялайды?

Сайтта жедел жаңалықтармен бірге деректерге негізделген талдау, интерактивті графиктер, инфографикалар, салыстырулар және нарықтық көрсеткіштер жарияланады. Біз үшін материалдың тек не болғанын айтуы емес, оның неге маңызды екенін және сандардың нені көрсететінін түсіндіруі маңызды.

Дерек пен визуалдың байланысы

Визуализация безендіру үшін ғана қолданылмайды. Ол материалдың бір бөлігі: оқырман деректі салыстырып, өзгерісті көріп, негізгі қорытындыны тез түсіне алуы керек. Сондықтан JaiSandar сайты күрделі визуализациялар, интерактивті модульдер және инфографикалармен жұмыс істеуге арнайы бейімделген.

Байланыс

JaiSandar жаңалықтарын Telegram-дағы @Jaisandar арнасынан да оқуға болады.