Мазмұнға өту
Analytics

Қазақстанның қай БАҚы ең көп салық төлейді? Jaisandar рейтингі

04.10.2026 · jaisandar · 1 минут

Jaisandar зерттеді: Қазақстандағы ірі БАҚ-тарды жүргізетін компаниялар 2025 жылы қанша салық төледі? Ашық деректер негізінде біз 25 медианың заңды тұлғаларын салыстырып, салық төлемі бойынша рейтинг жасадық.

Зерттеу нәтижесінде ең жоғары көрсеткіш 24KZ-ті жүргізетін компанияда болды — 3,4 млрд теңге. Екінші орында Kazinform — 2,2 млрд теңге. Үздік бестікте сондай-ақ AstanaTV — 729,3 млн теңге, Almaty.tv — 617,3 млн теңге және Tengrinews-ті жүргізетін компания — 539,2 млн теңге бар.

Рейтинг БАҚ брендіне емес, оны жүргізетін заңды тұлғаның 2025 жылғы салық төлеміне негізделді. Сондықтан бір компания бірнеше медианы қатар басқарса, олардың көрсеткіші бір заңды тұлғаның салық сомасына сәйкес келуі мүмкін.

Jaisandar
JAISANDAR · MEDIA DATA · 2025

ҚАЗАҚСТАН БАҚ-ТАРЫ 2025 ЖЫЛЫ ҚАНША САЛЫҚ ТӨЛЕДІ?

Jaisandar Қазақстандағы 25 БАҚ-ты жүргізетін заңды тұлғалардың 2025 жылы төлеген салығын салыстырды. Сома — млн теңгемен.

Дерек: ba.prg.kz, ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері. Бір заңды тұлға бірнеше БАҚ-ты қатар жүргізуі мүмкін. Сондықтан Tengrinews, Tengri Sport және Vesti.kz, сондай-ақ Kazinform мен BAQ.kz көрсеткіштері бір салық төлеушіге тиесілі. Телевизия мен онлайн-медианың қызмет ауқымы әртүрлі.

Ескерту: рейтингтегі БАҚ-тарды тікелей бір-бірімен салыстыруға сақтықпен қараған жөн. Кейбір компаниялар негізінен телевизияға, енді бірі онлайн-медиаға, ал кейбірі бірнеше медиажобаны қатар жүргізуге бағытталған. Сондықтан салық көлеміне тек сайттың аудиториясы емес, компанияның жалпы қызмет ауқымы, жарнама түсімі, қызметкерлер саны және өзге де бизнес бағыттары әсер етуі мүмкін.

JaiSandar

Тағы да оқыңыз

Инфографика
Инфографика

Алматыдағы мектептер картада қалай орналасқан?

Jaisandar OpenStreetMap (OSM) деректерін пайдаланып, Алматыдағы мектеп ғимараттарының интерактив картасын жасады. Картада мектептер, гимназиялар, лицейлер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер және…

19.09.2026 · 1 минут41
JaiSandar Telegram Экономика мен нарықтағы маңызды жаңалықтарды өткізіп алмаңыз
Жазылу