Мазмұнға өту
Инфографика

Елімізде Қытай мен Өзбек компаниялары көбейіп жатыр

16.09.2026 · jaisandar · 1 минут

Қазақстанда тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың жыл басынан бергі өзгерісін зерттеп көрдік. 2026 жылдың қаңтар–тамыз аралығында ең айқын өсім Өзбекстан мен Қытай бизнесінде байқалды. Ал Ресей компаниялары саны аздап кемігенімен, елдер арасында әлі де бірінші орында тұр.

Тамыздағы жағдай бойынша Ресейге тиесілі тіркелген заңды тұлғалар саны 22,7 мыңға жуық. Қаңтарда олардың саны 22,8 мыңнан асқан еді. Осылайша сегіз айда көрсеткіш шамамен 130-ға немесе 0,6%-ға төмендеді.

Қазақстандағы шетелдік бизнес: TOP-10 ел

Тіркелген заңды тұлғалар · 2026 жылғы қаңтар–тамыз
Дереккөз: ҚР Ұлттық статистика бюросы Инфографика: JaiSandar

Өзбекстан бизнесі жылдам көбейіп жатыр

Ең үлкен өсім Өзбекстанға тиесілі компанияларда байқалды. Қаңтарда Қазақстанда 8,2 мыңнан астам өзбек заңды тұлғасы тіркелсе, тамызда олардың саны 12,8 мыңға жуықтады. Яғни жыл басынан бері өсім шамамен 55% болды.

Қытай бизнесінің саны да айтарлықтай артты. Қаңтардағы 8,1 мыңнан тамызда 10,1 мыңға дейін көбейіп, өсім шамамен 25%-ды құрады.

Қырғызстанға тиесілі заңды тұлғалар саны да тұрақты өсіп келеді. Сегіз ай ішінде олардың саны 2,8 мыңнан 3,1 мыңнан астамға жетті.

Кейбір елдерде компания саны азайды

Түркияға тиесілі тіркелген заңды тұлғалар саны жыл басындағы деңгейден шамамен 2%-ға төмендеді. Германия мен Украинада да аздаған төмендеу байқалды.

Ал Әзербайжан, Беларусь және Оңтүстік Корея көрсеткіштері жыл басындағы деңгейге жақын қалып отыр.

Жалпы динамика Қазақстандағы шетелдік бизнестің құрылымы біртіндеп өзгеріп келе жатқанын көрсетеді: Ресей әлі де сан жағынан айқын алда болғанымен, Өзбекстан мен Қытай компанияларының үлесі жылдам ұлғайып жатыр.

JaiSandar

Тағы да оқыңыз

Analytics
Analytics

ТОП-50 салық төлеуші компаниялар

2025 жылы елдегі ТОП-50 ірі салық төлеушінің жиынтық төлемі шамамен 11,1 трлн теңгеге жетті. Бұл тізімде мұнай-газ компанияларының үлесі айқын…

16.09.2026 · 1 минут98
JaiSandar Telegram Экономика мен нарықтағы маңызды жаңалықтарды өткізіп алмаңыз
Жазылу