TOP-30: Қазақстандағы ең көп оқылатын медиа-сайттар
21.09.2026·jaisandar·1 минут
JaiSandar LiveInternet рейтингінің соңғы бір айдағы деректері негізінде Қазақстандағы media санатындағы TOP-30 сайттың аудиториясын бір картаға жинады. Инфографикада әр сайттың ұяшығы оның Қазақстаннан кірген келушілер санына қарай қалыптасады: аудиториясы неғұрлым көп болса, Voronoi-дағы аумағы да соғұрлым үлкен.
Карта сайттарды бір-бірімен бірден салыстыруға мүмкіндік береді. Әр ұяшықта медианың логотипі мен соңғы бір айдағы аудитория көлемі көрсетілген.
Маңызды ескерту: бұл статикалық рейтинг емес. LiveInternet-тегі мәліметтер жаңарған сайын JaiSandar инфографикасындағы көрсеткіштер де автоматты түрде жаңарып отырады. Сондықтан сайттардың орны, аудитория саны және TOP-30 құрамы уақыт өте өзгеруі мүмкін.
Jaisandar OpenStreetMap (OSM) деректерін пайдаланып, Алматыдағы мектеп ғимараттарының интерактив картасын жасады. Картада мектептер, гимназиялар, лицейлер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер және…