Jaisandar зерттеді: Қазақстандағы ірі БАҚ-тарды жүргізетін компаниялар 2025 жылы қанша салық төледі? Ашық деректер негізінде біз 25 медианың заңды тұлғаларын салыстырып, салық төлемі бойынша рейтинг жасадық.
Зерттеу нәтижесінде ең жоғары көрсеткіш 24KZ-ті жүргізетін компанияда болды — 3,4 млрд теңге. Екінші орында Kazinform — 2,2 млрд теңге. Үздік бестікте сондай-ақ AstanaTV — 729,3 млн теңге, Almaty.tv — 617,3 млн теңге және Tengrinews-ті жүргізетін компания — 539,2 млн теңге бар.
Рейтинг БАҚ брендіне емес, оны жүргізетін заңды тұлғаның 2025 жылғы салық төлеміне негізделді. Сондықтан бір компания бірнеше медианы қатар басқарса, олардың көрсеткіші бір заңды тұлғаның салық сомасына сәйкес келуі мүмкін.
ҚАЗАҚСТАН БАҚ-ТАРЫ 2025 ЖЫЛЫ ҚАНША САЛЫҚ ТӨЛЕДІ?
Jaisandar Қазақстандағы 25 БАҚ-ты жүргізетін заңды тұлғалардың 2025 жылы төлеген салығын салыстырды. Сома — млн теңгемен.
Ескерту: рейтингтегі БАҚ-тарды тікелей бір-бірімен салыстыруға сақтықпен қараған жөн. Кейбір компаниялар негізінен телевизияға, енді бірі онлайн-медиаға, ал кейбірі бірнеше медиажобаны қатар жүргізуге бағытталған. Сондықтан салық көлеміне тек сайттың аудиториясы емес, компанияның жалпы қызмет ауқымы, жарнама түсімі, қызметкерлер саны және өзге де бизнес бағыттары әсер етуі мүмкін.




